ОҚПУ ЖАСТАРЫ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде 2019 жылдың 23 қаңтар күні Астана және Алматы қалаларынан соң алғаш болып оқу ордамызда қалалық "Саналы ұрпақ" жобалық кеңсесі (орталықтандырылған) салтанатты түрде ашылу салтанаты болып өтті. Ашылу рәсіміне Қазақстан республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл "саналы ұрпақ" республикалық жобалық кеңсесінің басшысы Тоқышев Қайыржан Ахметбекұлы және Шымкент қаласы Қазақстан республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Көмекбаев Әли Амантайұлы сонымен қатар Шымкент қалалық ЖОО мен колледждерінен "Саналы ұрпақ" клубтарының жетекшілері, БАҚ өкілдері қатысты.

   

ОҚМПУ-да "Жемқорлық - қоғам дерті" атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, мемлекеттік қызмет жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау механизмдері талқыланды.

Іс-шара барысында ОҚМПУ жастар саясаты бөлімі меңгерушісі А. Мусабаева баяндама жасап,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде белгіленгенін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізу - өз құзыреті шеңберінде барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, жеке тұлғалардың міндеті екендігін жеткізді.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тетіктерін жетілдіру жөніндегі шаралар ұсынылды.